Владислав Челах признался матери, что не убивал сослуживцев

Похожее

1 Комментарий

  1. ttt:

    Арат НАРМАНБЕТОВ, ҰҚК-нiң отставкадағы полковнигi:
    Арқанкергенде қоян-қолтық ұрыс болуы мүмкiн
    – Бұл оқиғада күмәндi дүние өте көп. Бiрiншiден, 15 адамға автоматтан оқ ату хронометражға сәйкес келмейдi. Асып кетсе, екi рожок патрон саны атылу керек. Адамдар өздерiн атып тастағанша қол қусырып отырған жоқ қой. Олар қалайда да қарсыласуы керек. Өз басым жүргiзген хронометражда оқиға уақыт ме­жесiне сәйкес келмейдi. Екiн­шiден, шекара бекетiндегi құрамның үштен бiрi нарядта тұруға тиiс. Яғни шекара сызығында бақылау жасап, құпия қызмет атқарады. Тағы үштен бiрi шекара бекетiндегi iшкi қызметке жұмылады. Қалған үштен бiрi казармада қалып демалады. Күндiз-түнi сақталатын тәртiп осы. Үшiншiден, Челахты мұндай қылмысқа не итермеледi, оның себебi мен үшiн түсiнiксiз.
    Бұл турасында қызмет­тестерiм­мен сөйлестiм. Шекара бекетiндегi әскерде әлiмжеттiк өзге әскери бөлiмшелердегiдей емес. Олар да мұны растады. Қанша дегенмен шекарада орналасқан және ҰҚК-ге қарайды, арнайы барлау бөлiмi бар. Қысқасы, үстiнен бақылайтындар өте көп.
    Сонда ол ақыл-есiнен адас­қандықтан қылмысқа барды ма? Менiңше, ақыл-есiнен адас­ты дегеннiң өзi бiртүрлi термин. Себебi шекаралық әскерге анау-мынауды емес, әбден iрiктiлген сайдың тасындай жiгiттердi алады. Ақыл-есi дұрыс болмаса, арнайы бөлiм оны бiрден байқар едi.
    – Сiздiңше, Арқанкергенде шын мәнiнде қандай оқиға болған?
    – Сырттан жау шапты де­ген­дi жоққа шығаруға болмас. Бiрақ Қытай немесе өзге жақтан емес. Менiң болжауымша, бұл жерде жеке кландық кикiл­жiңдер мен кланаралық күрес болуы мүмкiн. Оған құқық қорғау мен арнайы қызметтiң “Альфа”, “Арлан” тәрiздi бөлiмшелерi тартылуы ықтимал. Яғни конъюнк­туралық мақсатта кек алып, аяқтан шалуы да ғажап емес.
    Челахтың ақыл-есi дұрыс емес десе, тергеу кезiнде мiндеттi түрде жанында психиатор болуы тиiс. Егер Челах ақыл-есiнен адасып қылмыс жасады десе, тергеушi одан жауап ал­ғанда ақыл-есi дұрысталып қалып па? Мұндай кезде ол “туған шешемдi өлтiрдiм” деп те бар кiнәнi өз мойнына ала салуы мүмкiн. Оған кiнәсiн мойындату үшiн 37-жылдағыдай тырнақ пен саусағының арасына ине тығудың қажетi жоқ.
    – Арқанкергенге әлдебiр шенi жоғары адамдар барып демалыпты, бұл солардың жасаған iсi екен дейтiн әңгiмелер өрiп жүр.
    – Егер ол жерге VIP-шенеу­нiктер барған болса, қасында оларды алып жүретiн жеке күзетi, арнайы дайындықтан өткен адамдары болуы керек. Бұл болжамды да тексерген жөн.
    Шекарашылар шекара бе­кетiне не үшiн барды, онда не iстедi, осы жағы түсiнiксiз болып тұр. Менiңше, бұлар өзiнiң тiкелей мiндетi – шекара күзетiмен айналысқан жоқ. Себебi барлық мәйiттер казармадан табылды.
    Жоғарыда айтқанымдай, олар үшке бөлiнуi керек. Бiр бөлiгi үнемi шекара сызығында жүрмесе, ол күзетсiз қалады. Соған қарағанда, шекарашылар әлдебiреудiң шаруашылығын күзетiп, сонда жұмыс iстеген болуы да ықтимал. Оның үстiне екi күн бойы байланыс болмағанымен, Сары­бөктердегi шекара заставасы бұларға iздеу салған жоқ. Тап бiр онда тұрған түк жоқ, бәлкiм, жұмыстан қолдары тимей жүрген шығар дескен болар. Соған қарағанда байланыс­қа шықпау олар үшiн үйрен­шiктi жағдай ма деп қалдым. Шекара бекетiндегi әскер кем дегенде күнiне үш рет байла­ныс­қа шығуы керек. Шықпады ма, тiкұшақпен он бес минутта жетiп баратын жерге екi тәулiкте әрең жеттi.
    – Челах ұсталғанда жанынан ноутбук табылды делiндi. Сарбаз шекарада ноутбуктi қайтедi?
    – Ноутбуктi тауда қайтсiн? Жақын елдiмекен шалғайда. Спутник немесе сымсыз ин­тернеттiң болуы мүмкiн емес. Әлдебiр затты басып шығармақ болды десең, оның қуаты екi күнге жетпейдi. Қысқасы, ақылға сыймайтын нәрсе. Бәлкiм, ол қылмысты жасады дегенге сендiру үшiн қалаймақанда жасап шығарған нәрсесi шығар.
    – Қорықшы Руслан Кимнiң денесiнен оқтан бөлек пышақтың iзi табылыпты.
    – Қателеспесем, одан бөлек басқа сарбаз денесiнен пышақпен салынған жарақат iзi табылды. Демек, бұл жерде қоян-қолтық ұрыс болған.
    – Сараптама шекарашылар алкоголь iшпеген деген қорытынды шығарды. Өртелiп кеткен мәйiттерден алкоголь iшкен-iшпегенiн анықтау мүмкiн бе?
    – Алкоголь iшкенiн анықтау үшiн қан алады немесе асқазаннан анықтайды. Ал өртенiп кеткен, күл-талқаны шыққан сүйекке геномды сараптама жасап, туыстықты анықтауға болады. Ал ал­когольдi iшкен-iшпегенiн анықтау мүмкiн емес. Бiрiнiң үстiнен әйелдiң iш киiмi табылыпты деген де сандырақ.
    Тағы бiр маңызды нәрсе, Челах күзетшiнi жүз метр қашықтыққа алып шығып, тапаншамен атып өлтiрдi дейдi. Макаров тапаншасының даусы 600-700 метр жерден анық естiледi. Оның үстiне таулы аймақ болғандықтан ол жаң­ғыруы керек. Қысқасы, тапанша даусын шекара бекетiн­дегiлер­дiң естiмеуi мүмкiн емес.
    Ең бастысы, Челах әрекетi­нен қылмыс жасауға итерме­лей­тiн себеп көрiп тұрғаным жоқ. Өз басым барлық бейнематериалды қарап шықтым. барлығы Челахқа жағымды мiнездеме бередi. Ақыл-есi дұрыс дейдi.
    – Бәлкiм, Челах көз алдында көрген сұмдық оқиғадан шошынып, есiнен адасқан болар?
    – Бұл да мүмкiн. Бiрақ тергеу орындары оны қылмысты есiнен адасып жасады деп тұр ғой. Челахтың ақыл-есiнде ауытқу қашан пайда болды? Қылмысқа дейiн бе, жоқ одан кейiн бе? Психо­логия­лық сараптама осыған жауап беруi тиiс.
    ССР КГБ-сында қызмет атқарғанымда кезекшiлiк кезiнде ақыл-есiнен адасқан адамдар келсе, олардан бүге-шiгесiне дейiн сұратып, жауап алуға мiндеттелетiнбiз. КГБ төрағасы сондай бұйрық беретiн. Себебi бiр кезекшi мәлiмет беруге келген адамның шизофреник екенiн байқап, оны қуып жiберген. Артынша оның қолы­н­да алда болатын терактiлер туралы мәлiмет бар болып шығыпты. Мiне, сондықтан егер жұмыс дұрыс жүргiзiлсе, нақты жауап алуға болады. Ал егер “осылай айтсаң, сонда жеке бас қауiпсiздiгiн қамтамасыз етемiз” десе, ол өзiне-өзi жала жауып, кiнәнi мойнына ала салуы мүмкiн.

Добавить комментарий

Комментировать с помощью: 

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *