Биылдан бастап әскери кафедра бітіруші түлектерге «лейтенант» шені беріледі

 

Қарулы Күштерде қызмет ететін лейтенанттардың төменгі айлық жалақысы 114 мыңнан басталады. Бұл жайында Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштердің басшылық құрамы елордадағы жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында оқитын жастармен кездесу кезінде мәлім болды.

Қарулы Күштері

Қазіргі таңда Қорғаныс министрінің тапсырмасымен әскери ведомствода жұмылдыру күштерін тарту арқылы кадрлық әлеуетті жақсартуға арналған кешенді шаралар қабылдануда. Бұл әскери кадрларды жасақтауға жасалған жаңаша қадам болып отыр. Қарулы Күштерге қай кезде де жоғары білімді, денсаулығы мықты, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған жігіттер алынатыны белгілі.

Жаңа жүйе бойынша запастағы офицерлердің сапқа тұру тәртібі өзгеретін болады. Бұрындары олар әскери комиссариаттардың табалдырығын тоздырса, енді жағдай басқаша болмақ. Егер кімде-кім әскерде қызмет атқарғысы келсе, өзінің түйіндемесін Кадрлар департаментіне немесе Қорғаныс істері жөніндегі органдарға жолдай алады.

Әрбір үміткермен дербес жұмыс жүргізіледі. Олар арнайы жасақталған іріктеу қосындарында тест тапсырады. Барлық тексерістен сүрінбей өткен үміткер 3 жылға алғашқы келісімшартын жасайды. Бұл мерзім аяқталған соң офицердің келісімшартын созуға немесе запасқа кетуге мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ, 2005 жылдан бері әскери кафедра бітіруші түлектерге «лейтенант» әскери шенін беру тоқтатылған болатын. Биылдан бастап бұл жүйе қалпына келтірілді.

Ағымдағы жылы Мемлекет басшысы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңға қол қойды. Ол Заңда әскерилерге қатысты қажетті әлеуметтік аспектілер кеңінен қамтылды. Кадрлар департаментінің бастығы болашақ офицерлерге Қарулы Күштерде қызмет ететін лейтенанттардың төменгі айлық жалақысы 114 мыңнан басталатынын жеткізді. Сонымен қатар, олар қызметтік баспанамен қамтамасыз етіліп, тегін медициналық көмек ала алады.

 
 
 

5 комментариев

  1. мади:

    «пиджаков» попрет теперь

  2. Айгерим:

    Аскери кызметке орналассам деймiн.Акыл бериниз

  3. акерке:

    Әскери кафедрага түсуге грантка түсу үшін канша балл кандай универлерде пані кандай физикамен болама.Өтініш жауап берініздерші

    • мукагали:

      Құрметті Ақерке Әскери кафедраға түсу үшін арнайы пәнің қажеті жоқ жоғары орындарында кафедра болған жағдайда оған түсу үшін сіздің денсаулығыныздың жағдайын және оқу үлгеріміңіздің тізімі қажет болады

      • Фариза:

        Сəлеметсізбе! Мен биыл бітіруші түлек едім,бізде тест басқаша болайын деп жатыр.Əскери кафедраға тек ақылы түрдеме? Оған грант жоқпа?

 
 

Оставить комментарий